Астанада жануарларды қорғаумен айналысатын кеңес құрылады

Қоғам белсенділері бұл мәселені үш жылдан бері көтеріп келген


25/09/2020
11:38 47388 0

Фото: ryazpressa.ru

 

Астанада (Нұр-Сұлтан) жануарларды қорғау жөніндегі кеңес құрылады. Оның құрамына жануарларды қорғаушылар, қоғам қайраткерлері, ветеринарлар, ғалымдар мен ауыл шаруашылығы мамандары кіреді. Әкімдіктің ресми сайтының хабарлауынша, бұл туралы астана әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбековтің жануарларды қорғаушылармен кездесуінде айтылды.

 

Кеңес жануарлар құқығын қорғаумен, оларға арналған инфрақұрылым және иесіз ит-мысық мәселелерімен айналысады. Жануарларды қорғаушылар мемлекеттік орган өкілдерімен бірге тоқсан сайын бас қоспақ. 

 

Біз қоғамдық кеңес құру туралы 2017 жылдан бері айтып келеміз, тіпті қамқоршылар кеңесіне ереже жаздық, бірақ ол өтпеді. Менің ойымша, бұл дұрыс көзқараспен жасалған жақсы бастама. Әкімдік тарапынан қоғамдық бақылау және ұйымдастырушылық қолдау болады, деді INUCOBO жануарларды қорғау қауымдастығының президенті Лилия Сәрсенова.

 

Қыркүйек айында астанадағы иесіз жануарларға арналған изоляторда төрт ит зорланғаны анықталған еді. Волонтерлар әлдекімдер иттерді порновидеоға түсірген деп топшылады. Қазір тексеру жүріп жатыр. 

Поделиться

Нет комментариев.

25/09/2020 11:38
47388 0

Уведомление